Ссылки доступа

"Юнона" зонды бес жылда Юпитер орбитасына жетті


Аппарат автопилотпен 34 минуттық маневрді сәтті орындап шықты, сол арқылы жылдамдықты бәсеңдетіп, Юпитердің тартылыс күшінің ықпалына түсті. Автоматтандырылған ғаламшараралық станцияның жұмысы жарты жылға созылады деп жоспарланған, одан соң ол өзін-өзі жояды.

"Юнона" зонды Юпитер орбитасына жеткен екінші ғарыш аппараты. Бұған дейін "Галилео" 1995-2003 жылдар аралығында осы ғаламшарда болған еді. Құны 1 миллиард долларлық "Юнонаға" Юпитерге жету үшін бес жыл қажет болды. Ол 2011 жылы ұшырылып, үш миллиард шақырым жол жүрді.

Жоба сәтті аяқталса, ғалымдар Юпитер бұлтының астында не барын алғаш рет тексеріп көре алады. Атап айтқанда, мамандар Юпитердің тығыз ядросы бар деген гипотезаның қаншалықты растығын анықтауға үміт артып отыр.

XS
SM
MD
LG