Ссылки доступа

Өзбекстанда махалла тұрғындары шошқа ұстаған әйелді көшіргілері келеді


Куразованың айтуынша, махалла белсенділері және милиция қызметкерлері оған көшу туралы талаптар қоя бастаған.

"Олар маған: Сен шошқа ұстайсың. Біз саған тыныштық бермейміз, - деп үнемі ескертеді. Мен шошқа асыраймын, себебі бұл отбасыма қосымша кіріс әкеледі. Әкем басқа ауылда тұрады, жақында осында көшіп келуі керек. Әзіргі біз аулада шошқақора тұрғызып жатырмыз. Біз шошқаны мен ес білгелі асырап келеміз. Біз сонымен күнелтеміз. Өйткені Өзбекстан заңдарында шошқа асырауға тыйым салатын ереже жоқ. Мен де Өзбекстанның азаматымын ғой", - деп алаңдайды Виоллетта Куразова.

Ауыл тұрғындары әйелге тіпті тас лақтырып, оған ұрсатынды шығарған.

Виолетта Куразова туралы алғашқы мақала "Озодлик" сайтында 2013 жылы қаңтарда пайда болды. Сол кезде жас келіншек баларымен бірге Ташкенттегі "Мустакиллик" алаңында және президент әкімшілігі маңында 11 мәрте пикет өткізіп, тартып алған үйін қайтаруды талап етті.

Осы әрекеті арқылы Куразова талаптарын жартылай ғана орындата алды: тартып алынған бір үйдің орнына жер телімі беріліп, отбасы мүшелері қайтадан тіркеуге алынды.

XS
SM
MD
LG