Ссылки доступа

Бір күнде 4500 мигрант құтқарылған


Сейсенбі күні Жерорта теңізінің Сицилия бұғазындағы құтқару операциясы нәтижесінде 4500 мигрантты судан алып шыққан. Бұл жөнінде France-Presse агенттігі хабарлайды.

Агенттік жазғандай, Италия жағалау күзетінің мәліметі бойынша, мигранттарды Италияның ВМС кемесінің және Frontex шекарасын бақылау жөніндегі ЕО агенттігі көмегімен құтқарған.

Италия ІІМ өткен аптада хабарлағандай, үстіміздегі жылдың соңғы алты айында 70 мыңнан астам босқын келген. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Италияға 71 мың мигрант босқан деп хабарлайды tass.ru.

Миграция жөніндегі халықаралық ұйымдардың ақпараты бойынша,1 қаңтардан 3 шілдеге дейін Еуропаға теңіз арқылы 227 мың 316 адам өткен. Грекия жағалауына 158 мың 398, Италияға – 67 мың 538 мигрант пен босқын барған. Олардың ішінде қайтыс болғандар мен жоғалып кеткендер саны — 2 920. Мигранттардың көбі Италияға Ливия мен Египеттен ағылып жатыр.

XS
SM
MD
LG