Ссылки доступа

Жоғарғы сот 11 шілдеде Аскаровтың ісін қайта қарай бастайды


Іс Аскаров пен оның адвокаттары түсірген шағымнан соң қайта қаралатын болды. Оны Жоғарғы соттың қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі алқасы қарайды. Процесс ашық өтеді.

Аскаров ісіндегі жаңа бетбұрыс БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Комитінің шешім шығаруына байланысты. Комитет Қырғызстан билігін адам құқығын қорғаушыны түрмеден босатып, үкімнің күшін жоюды талап етті.

Бұл шешімін комитет Аскаровтың заңсыз ұсталғандығымен, азап көріп, түрмедегі аса ауыр жағдайымен түсіндіреді. Жергілікті адам құқығын қорғаушылар комитеттің бұл шешімін қолдап шықты.

XS
SM
MD
LG