Ссылки доступа

Ресей футболшылары Монакодағы кешкі сауық үшін айыппұл төлейді (видео)


Жарияланған онлайн бейнежазбада шабуылшы Александр Кокорин мен жартылай қорғаушы Павел Мамаев Монакодағы түнгі клубтардың бірінде қалай тойлағаны бейнеленген. Қызметкерлер оларға ондаған бөтелке шампан жеткізеді, залда Ресейдің әнұраны естіліп тұр.

Онлайн бейнежазбаға пікір қалдырған жанкүйерлер команданың чемпионаттағы сүреңсіз ойындарынан соң, футболшылардың осылайша сауық құруын тым артық кеткендік деп бағалады. Кокорин ойнайтын "Зенит" клубы мен Мамаевтың "Краснодар" клубының басшылығы футболшыларға айыппұл салынып, оларды жастар командасымен бірге дайындалуға жіберетіндерін мәлімдеді.

ТАСС-қа берген сұхбатында Кокорин шампан ішімдігіне тапсырып басқа біреулер бергенін мәлімдеген. Футболшының айтуынша, клубқа Мамаевпен бірге кешкі ас ішуге келген, бұл уақытта мекемеде басқа біреудің туған күні болып жатқан. "Ойын-сауықтың есебіне біздің ешқандай қатысымыз жоқ", - деді Кокорин. "Баспасөзде жарияланған қаражатқа шампан емес, сол клубтың өзін сатып алуға болар еді", - деп ақталды футболшы. Life.ru мәліметі бойынша, клубтағы сауық кешінің есебі 250 мың евро болған.

XS
SM
MD
LG