Ссылки доступа

Обама сайлауалды күресте Клинтонға қолдау білдірді


Бірнеше мыңдаған демократ-сайлаушылардың алдында сөз сөйлеген Обама Хиллари Клинтон үлкен сынақтан өтті деді. Оның сөзінше, елдің тарихында ешқашан дәл осындай президенттікке лайық үміткер болмаған. "Ол біздің болашағымызды өзіміз анықтайтынымызға сенеді. Ол егер біз бір болсақ, өз тағдырымызды өзіміз шешетінін түсінеді", - деп мәлімдеді Барак Обама.

АҚШ президенті Клинтонның ықтимал бәсекелесі республикашыл Дональд Трамптың атын атамады, бірақ ол сайлаушылардың артқа шегіну мен алға жылжу арасында таңдауда тұрғанын айтты. Оның сөзінше, Хиллари Клинтон халықты алға сүйрейді. Барак Обама Хиллари Клинтонды өзінің мұрагері әрі ізбасары рөлінде көретінін айтты. "Мен эстафеталық таяқшаны беруге дайынмын, - деді президент Обама. – Мен білемін, Хиллари Клинтон оны қағып алуға дайын".

ФБР басшысы Джеймс Коми Клинтонның мемлекеттік хатшы болып тұрғанда қызметтік электрондық поштасын жеке мүддесіне пайдаланды деген іс бойынша, тергеушілер оның шын мәнінде жеке поштасын пайдаланғанын, онда қылмыстық әрекет табылмағанын хабарлағаннан кейін, санаулы сағаттардан соң, Барак Обама Клинтонды қолдап митингіге шықты.

Президент Обаманың қолдау көрсетуі экс-мемлекеттік хатшы үшін этникалық азшылық арасында өте маңызды. Себебі олардың арасында Клинтонның беделі төмен. Олардың шамамен 55 пайызы Клинтон туралы жағымсыз пікір білдірген. Ал Дональда Трамптың негативті рейтингісі – шамамен 60 пайыз.

XS
SM
MD
LG