Ссылки доступа

Қырғызстанда Ресей туристерін тонаған "жалған погондылар" іздестірілуде


Милицияның мәліметі бойынша, Дмитрий және Ирина Ребровтар милицияға шағымданып, айналма жолда өздерін милиция ретінде таныстырғандар тонап кеткенін айтқан. Оқиға 4 шілде күні тіркелген. Ребровтар отбасы мүгедек баласын емдету үшін Ыстық көлге бара жатқан жолда тоналған.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары қарақшылар мінген автокөліктің бір жыл бұрын ұрланғанын анықтаған. Тергеу тобы шұғыл іздестіру жұмыстарын Шу, Ыстықкөл облыстары аумағында және Бішкек қаласында жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG