Ссылки доступа

Қазақстанда Нұрсұлтан есімді 80 бала президент құрметіне ән салды (видео)


Басылым мәліметі бойынша, мерекелік концерт кезінде Нұрсұлтан есімді 80-ге жуық бала шымкенттік драма театрдың сахнасына шықты. Олар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне "Нұрсұлтан ата" деп аталатын патриоттық ән шырқады.

"Айбынды марш ырғағымен ән салған балалар мемлекет басшысын "ата" деп сыйлады. Ақынның осы өлеңді жазғанда президентке деген махаббатын аямағаны көрініп тұр. Жас өнерпаздар да әнді аса жауапкершілікпен орындады. Әннің сөздері анық естіліп тұрды, балалар оны жақсы жеткізе білді. Бұл әнде балалар өскенде Елбасы секілді ірі тұлға болуды армандайды", - деп жазды Ratel.kz.

Ән орындалып жатқанда сахнадағы үлкен экранда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен жұмысы туралы бейнебаян көрсетілді.

XS
SM
MD
LG