Ссылки доступа

Мемлекеттік Дума сайтында Путин қол қойған заң мәтіні өзгертілді


Заңның жаңа нұсқасында қару сақтау мерзімі он жыл емес, бес жыл деп көрсетілген. Ресей президенті Владимир Путин 3 шілдеде қол қойған заңда да солай делінген. Бұған дейін Мемлекеттік Дума сайтында жарияланған заң нұсқасында қару сақтау мерзімі 10 жыл деп көрсетілген еді.

Дегенмен заң жобасының екінші талқылаудан соң сақталған нұсқасында он жылдық мерзім туралы айтылады. Бұған қоса Дума сайтында депутаттар Ярова мен Валеевтің сақтау мерзімін ұзарту туралы түзетулері және депуттардың оны қолдағаны туралы жазбалар сақталған. Осылайша, президент екінші оқылымда қабылданған түзетулер алып тасталынған заңға қол қойған. Бұл заңға қайшы, деп жазды "Коммерсант".

Думаның қауіпсіздік жөніндегі комитет төрғасының орынбасары Дмитрий Горовцев заңның күшіне ену мерзімін президент кейінге қалдыруы керек деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол заң жобасының өзгертілуін "бұрын-соңды болмаған жағдай" деп атады. Мемлекеттік Дума вице-спикері Игорь Лебедев те "Думаның он деген цифрлі заң қабылдағанын" атап өтті. Вице-спикер Кремль мен Федерация Кеңесі осы жағдайға байланысты ішкі зерттеу жүргізуі керек деп есептейді.

Парламент заң жобасын мақұлдап, ал президенттің басқа нұсқасын қабылдап жібергені 5 шілдеде белгілі болды. Кремльдегілер заңның екі түрлі нұсқасын парламенттің мәліметтер базасындағы қатемен түсіндірді. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, қаруды 10 жыл сақтау мерзіміне қатысты түзетулер заң жобасының ескі нұсқасында кездеседі. Дегенмен Мемлекеттік Дума бес жылдық мерзім туралы айтылған заңды бекіткен. Заңның осы нұсқасы Федерация Кеңесіне түсіп, содан кейін оған президент қол қойды, деп мәлімдеді Песков.

XS
SM
MD
LG