Ссылки доступа

БАҚ: Матаев ісіндегі күдікті шенеуніктер тергеумен келісімге отырған


Бейсенбі күні ҚазТАГ ақпарат агенттігінің Матаевты қолдау комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, өткен айдың аяғында қылмыстық іске күдікті ретінде тартылған бірнеше шенеунік "жасаған істеріне өкініш білдіруіне" байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуын сұрап, өтініш жазған.

Олардың арасында "Қазтелеком" бас әкімшілік директоры Батыр Маханбетажиев, ақпарат комитетінің бұрынғы және қазіргі басшылары бар. 2 шілдеде комитет мәліметі бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық қудалаудан босатылғаны туралы тергеу тобы басшысының қаулысы шықты. Бірақ олардың арасында ақпарат комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір Қазақстан Жоғарғы сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімін басқаратын Болат Кальянбеков жоқ. Комитет мәліметі бойынша, ол инсульт алған деген күдікпен ауруханаға түскен.

3 шілдеде тергеу Матаев адвокаттарының істі қайта қарау және қосымша сот-экономикалық сараптама өткізу туралы өтініштерін қабылдамай тастады.

Өткен айда сот Сейітқазы Матаевты үй қамауында ұстау мерзімін 22 шілдеге дейін созды. Биыл көктемде оның ұлы, ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев та үй қамауына алынды. Әуелі Матаевтарға аса ірі көлемде бюджет қаражат ұрлады, аса ірі көлемде салық төлеуден бас тартты деген күдік келтірілді. Кейін Матаевты қорғау комитеті істің "аса ірі көлемде алаяқтық жасау" бабына өзгертілгенін хабарлады. Матаевтар тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып келеді.

Коррупцияға қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Азаттыққа Матаев ісіндегі бірқатар күдіктінің тергеумен келісімге отырғаны туралы ақпарат тексеріліп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG