Ссылки доступа

Обама НАТО-ны саяси жігер танытуға шақырды


Атап айтқанда, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы, Ресей, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты қауіп-қатерлер және босқындардың Еуропаға жаппай ағылуына қатысты болып жатқан шиеленістерге қатысты. Варшавада НАТО саммиті басталардан бірнеше сағат бұрын Financial Times газетінде жарияланған мақалада Обама, "бұл трансатлантикалық альянс үшін қырғи-қабақ соғыстың аяқталуынан бергі ең маңызды, жауапты сәт болмақ", -деп жазды.

НАТО Ресейдің тежелуіне белгі жібереді және ИМ-ге қарсы күресте Батыстың бір екенін жариялайды, мигранттардың Еуропаға ағылуына байланысты, Brexit (Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы) қорытындысы бойынша және Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының белсенді бола бастауына нақты шешімдер қабылдайды деп күтіледі.

Негізгі назар Батыстың ашуын туғызып отырған жағдай — Қырымды аннексиялап, 9 мың 300-дей адамның өліміне әкелген Украинаның шығысындағы жанжалды өршітіп отырған Ресей мәселесінде болмақ.

"Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы біздің Еуропаны тұтас, еркін әрі бейбіт елдер ретінде көруімізге қауіп төндіреді", — деді Обама.

Варшавадағы НАТО саммитіне Барак Обама президент ретінде соңғы рет қатысып отыр, оның президенттік мерзімі қаңтар айында аяқталады.


XS
SM
MD
LG