Ссылки доступа

Түркітілдес елдер "лавашты" ортақ мәдени мұра деп есептейді


Аталған елдердің өкілдері ЮНЕСКО-ға «Лаваш, қатырма, жупка, юфка секілді жұқа нандарды әзірлеу мәдениеті» деп аталатын ортақ құжат ұсынды. Онда лаваш бес елде тұратын халықтың ортақ мәдени мұрасы деп жазған.

ЮНЕСКО бұл мәселені 2016 жылдың 28 қараша мен 2 желтоқсан арасында Эфиопияда өтетін жыл сайынғы бейматериалдық мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 11-отырысында талқылайтын болады.

Мұның алдында Армения ЮНЕСКО-ның бейматериалды мәдени мұрасының тізіміне «Лаваш армян наны» деп енгізуді ұсынған. Бірақ Түркия мен Әзербайжанның қарсылығынан кейін Армения құжаттың атын «Армениядағы лаваш» деп өзгерткен.


XS
SM
MD
LG