Ссылки доступа

Тәжікстанда екі тұтқын түрмеден қашпақ болған


Оның сөзінше, қашу жоспарын құрған сотталушылар колония аумағында орналасқан қоқыс жәшігіне тығылып, күресінге дейін жетіп алмақ болған. «Екеуі де қоқыс тастайтын жерге тығылып, қашуға қолайлы сәтті күтіп отырған. Бірақ колония қызметкерлері дабыл қағып, жоғалып кеткен тұтқындарға іздеу салған», - дейді дереккөз.

Ақпарат көзі сотталушылардың колониядан сыртқы шықпағанын, тек сол үйіндінің арасында тығылып жатқандарын, 8 шілде күні табылып, ұсталғандарын хабарлады.

Мекеменің дереккөзі қашу жоспарлары сәтсіз болған сотталушыларды қосымша жазаға тартуы мүмкін дейді. Олардың аты-жөндері айтылмайды, бірақ тұтқындардың тону және бұзақылық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болған.

Елдің күш құрылымдарындағы дереккөз де Озоди радиосына №4 түзету колониясында қашу әрекеті болғанын растады. Олардың сөзінше, Душанбе мен астана маңындағы аудандарда дабыл қағылып, іздеу әрекеті жүрген.

XS
SM
MD
LG