Ссылки доступа

Жоғарғы сотта Асқаровқа қатысты сот процесі басталды


«Азаттық» тілшісінің сот залынан хабарлауынша, мекеме ғимаратында қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Сот отырысына халықаралық ұйымдардың өкілдері де келді. Сот отырысынан хабар тарату үшін 100-ден астам журналист тіркелді.
Бұған дейін хабарланғандай, қылмыстық іс Асқаров пен оның адвокатының өтініші бойынша қайта барала бастады. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің Қырғыстан билігінен адам құқығын қорғаушыны түрмеден босатып, айыптау үкімінің күшін жоюды талап етуі - Асқаров ісіне жаңа бетбұрыс алып келді.
Комитет бұл шешімін Асқаровтың заңсыз ұсталғандығымен, оған күш көрсетіп, ауыр жағдайда түрмеде ұстағандығымен түсіндірді. Жергілікті адам құқығын қорғаушылар комитеттің бұл шешімін қолдап шықты.
Естеріңізге сала кетейін, Әзімжан Асқаров Жалалабад облысының Базарқорған ауданында адам құқығын қорғаумен айналысып келді. 2010 жылы маусым оқиғаларынан соң оны жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған және милиция қызметкерін өлтіруге қатысқан деген күдікпен ұстады. Соттың барлық сатысы оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын шығарды.

XS
SM
MD
LG