Ссылки доступа

CIT тобы: Сириядағы тікұшақ екінші тікұшақтағы зымыран оғынан құлаған


Conflict Intelligence Team тобының болжамы ресми мәлімдемеден өзгеше. Олар "сириялық Ми-25 тікұшағы емес, ресейлік Ми-35М тікұшағы апатқа ұшыраған" дейді. Топ қызметкерлері бұл болжамдарын дәлелді деп атады.

Ресейлік БАҚ Қорғаныс министрлігі мен Сирия армиясының дереккөзіне сүйеніп, ресми болжамды жариялаған.

8 шілдеде БАҚ сириялық Ми-25 тікұшағының апатқа ұшырағанын, онда екі ресейлік ұшқыш-инструктор болғанын хабарлаған. Дәл сол күні "Lenta.ru" Ресейдің қорғаныс министрлігіне сүйеніп, Ми-35М тікұшағы апатқа ұшырағанын жазды. Бірақ қорғаныс министрлігі соңғы ақпаратты растамады.

9 шілдеде Интерфакс "сириялық әскери дереккөзге" сүйеніп, "Пальмира ауданында содырлар Ми-24 сирия үкіметінің тікұшағын құлатты деп ақпарат таратты. Онда тікұшақты террористердің жерден атып түсіргені айтылған.

XS
SM
MD
LG