Ссылки доступа

АҚШ мемлекетттік хатшысы Джон Керри осы аптада Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен Сирия, Украина және Таулы Қарабақ үшін Армения мен Әзербайжан арасындағы кикілжіңді реттеу мәселесінде келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге барады. Бұл жөнінде дүйсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы хабарлады.

Керри Ресей астанасына 14-15-шілдеде Франциядағы Бастилияны бағындырған күнді атап өткеннен кейін сапарлайды. Мемлекеттік департамент Керридің Ресейде қандай шенеуніктермен кездесетіні жөнінде толық мағлұмат бермеді.

Джон Керридің сапары 7 шілдеде АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия, Украина және Таулы Қарабақ мәселелерін талқылау кезіндегі телефон арқылы әңгімелерінен кейін белгілі болды.

Мәскеуден соң Керри Люксембургке, сосын ЕО-ның бас дипломаты Федерика Могеринимен кездесу үшін Брюссельге барады.

XS
SM
MD
LG