Ссылки доступа

Мәскеуде метродағы апаттар жайындағы ақпараттар жасырылып келеді


Мәскеудің метрополитен басшылары жерастында болған апатты жасырып отыр. Бұл жөнінде "Говорит Москва" радиостанциясына метро жұмысшыларының тәуелсіз кәсіподақ басшысы Николай Гостев хабарлады.

Радио Свободаға берген түсініктемесінде Гостев орын алған апатты жасыру үшін метрополитен басшысы Дмитрий Пегов қарамағындағыларға баспасөз өкілдерімен сөйлесуге тыйым салып жатыр дейді. Ол сонымен бірге метродағы ақаудың бар екенін және жерасты жолдарын жөндеуге қаржыны қысқартуға қарсы шыққан кәсіподақ өкілдерін жұмыстан шығаруға әрекет етіп жатқанын да айтады.

Оның сөзінше, мәскеулік метродағы апаттың көбі техникалардың ескіргенінен болады. Вагон, эскалатордың дені ССРО дәуірінде салынған. Тағы бір себеп – "қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар табу өте қиын".

"Бізде 12 шақырым рельстің тек екеуін ғана өзгертті. Алпыс мыңдай темір жол шпалдарының тек 800-дейін ғана жаңартты. Мұндағы жағдай өте нашар. Мұның бәрі метрополитенге жұмсалатын шығынды азайту үшін жасап отыр", – деп мәлімдейді тәуелсіз ксәіподақ өкілі. Ол метро басшылығының әрекеттері адам өліміне әкелуі мүмкін деп ескертеді.

Тәуелсіз кәсіподақ басшылығы метро жұмысшылары Мемлекеттік дума депутаттарына, Мәскеу мэріне, Баспрокуратура мен көлік министрлігіне хат жазған. Алайда Гостевтің сөзінше, мекеме өкілдерінен тек формальды жауап келген.

XS
SM
MD
LG