Ссылки доступа

«Өзбекфильм» террорлық ұйымның негізін қалаушылар туралы фильм түсірді


Басты рөлдердің ішінде «Өзбекстан ислам қозғалысы» террорлық ұйымының негізін қалаушылардың образдары да бар. Фильм «Өзбекфильм» киностудиясында «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

«Озодликтің» хабарлауынша, фильм Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінде республикалық кинотеатрларда көрсетілетін болады. Хабарларға қарағанда, фильмді түсірілуге мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард сом бөлінген.

«Узбекфильм» снимает фильм про основателей ИДУ
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

«Киелі ниет» фильмінің екі образы –Тахир Юлдаш және Жұма Намангани – тарихи тұлғалар. Олар 20 ғасырдың 80-жылдарының аяғында Наманган қаласында исламдық топ құрған. Бұл екеуі 1991 жылы республика президенті болып Ислам Каримов сайланғаннан кейін бірнеше айдан соң Өзбекстаннан кетіп, азамат соғысы болып жатқан Тәжікстанның бірқатар исламдық оппозициясына барып қосылды.

Ферғана алқабында ислам халифатын құруды көксеген «Өзбекстанның ислам қозғалысын» 1998 жылы дәл осы екі тарихи тұлға құрған еді.

XS
SM
MD
LG