Ссылки доступа

Ақтөбеде 12 адам ИМ қатарына өткісі келгені үшін қамалды


Ақтөбе қаласындағы сот жергілікті 12 тұрғынды Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымына кіруге талпыныс жасағаны үшін алты жылдан сегіз жылға дейін түрме жазасына кесті.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанованың хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы №2 сот сотталушыларды террорлық топтардың қызметіне қатысуға, терроризмді қолдап, экстремистік ұйымдарды қаржыландыруға әрекеттенгені үшін айыпты деп таныды.
Сотталушылардың ең жасы жиырмада, ал ең үлкені – 67 жаста. Олардың барлығы жұмыссыз, отбасы бар, үшеуі бұрын сотталған. Сот материалдары бойынша, олар Интернет арқылы экстремистік ұйым қатарына тартушылар делінген адамдармен байланыс орнатып, жалған төлқұжат дайындауға талпынған. Сот сотталушылардың мүліктерін тәркілеуге үкім етті.
«Ислам мемлекеті» ұйымы Қазақстанда өткен жылдың қазан айында террорлық ұйымдар тізіміне енгізілді.

XS
SM
MD
LG