Ссылки доступа

Киев: Донбаста екі ресейлік сарбаз тұтқынға алынды


Украина әскері Донецк облысы Троицк ауданында болған ұрыс кезінде екі Ресей азаматын тұтқындады. Осылай деп Украина президенті әкімшілігінің өкілі Андрей Лысенко мәлімдеді.

Оның сөзінше, өткен түнде сепаратистер отряды украин әскерінің тылын бұзуға әрекет жасаған. Ұрыс кезінде екі шабуылдаушы жараланған, біреуі мерт болған.

Украина Бас штабы қайтыс болған азаматтың төлқұжатын жариялады. Ол 39 жастағы Ресей азаматы Натан Цакировке тиесілі болған екен. Ал тұтқынға түскен екі ресейлік сарбаздың аты-жөндерін әзірге жарияламай отыр. Қазіргі уақытта екеуі де ауруханада жатыр делінеді.

Киев және Батыс елдері Кремльді Украина шығысындағы сепаратистерге қарулы көмек көсретіп отыр деп айыптайды. Мәскеу болса, бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.

Донбаста өткен тәулікте бір украин сарбазы қаза тауып, оны жараланды.

XS
SM
MD
LG