Ссылки доступа

Гуантанамода отырған тәжік тұтқыны Сербияға көшірілді


Мемлекеттік департамент өкілі тұтқындардың есімдерін жариялады: Тәжікстан азаматы Мұхаммади Давлатов және Йемен азаматы Мансұр Ахмад Саад әл-Дайфи.
Департаменттің хабарлауынша, Гуантанамо тұтқындары Сербияға бірінші рет жіберіліп отыр. Давлатовты көшіру туралы шешім шамамен алты жыл бұрын қабылданған. Оның ісін алты америкалық мекеме – қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік департамент, әділет министрлігі, Ұлттық барлау басқармасы, АҚШ штаб басшылары бірлескен комитеті қарады.
Пентагон таратқан мәлімдемеде, Әл-Дайфидің көшірілуі туралы шешімді өткен жылы қазанда сарапшылар кеңесі мақұлдап, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін оны қамауда ұстаудың қажеттігі жоқтығын анықтаған.
Осылайша, Гуантанамо түрмесінде 76 тұтқын қалды.

XS
SM
MD
LG