Ссылки доступа

Қазақстанда оппозициялық журналист қамаудан босап шықты (видео)


Nakanune.kz сайтының меншік иесі әрі редакторы Гузяль Байдалиноваға шығарылған түрме жазасы шартты мерзімге алмастырылды. Кәсіпкер Тайыр Қалдыбаевқа қатысты іс оның тергеу абақтысы камерасында асылып өлуіне байланысты тоқтатылды.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Байдалинованың апелляциялық шағымын қарап, Алмалы аудандық сотының үкімін өзгерту туралы қаулы қабылдады. Азаттық іс Nakanune.kz сайтында Казкоммерцбанкке қатысты тапсырыс материалдардың жариялануына байланысты ашылған еді. Аудандық сот Байдалинованы бір жарым жылға түрмеге отырғызған еді.
Әуелі апелляциялық сот Байдалинова мен Қалдыбаевтың шағымдарын қарауды 5 шілдеге белгілеген болатын. Кейін сот отырысы 12 шілдеге ауыстырылды, ал 5 шілдеде Қалдыбев абақты камерасында асылып қалған жерінен табылды. Соттың алғашқы инстанциясы оны Казкоммерцбанк туралы мақалаларға тапсырыс беруші деп таныған еді.
Сотталушының өлімінен соң, Казкоммерцбанк Қалдыбаевтың залал құны ретінде төлеген ақшасын марқұмның отбасына аударды. Бұған дейін аталған банк Байдалиновадан талап етілген материалдық шығын көлемін қысқартқан.
Сот шешіміне сәйкес, өткен жылдың желтоқсанынан бері қамауда отырған Байдалинова сот залында бірден босатылды. Сот шешімі бойынша, Байдалиноваға Алматыдан шығуға тыйым салынды, оған пробациялық бақылау орнатылды.
Азаттықтың сот залынан жүргізген тікелей трансляциясы:​


XS
SM
MD
LG