Ссылки доступа

НАТО мен Ресей Шығыс Еуропаға альянстың кіруі мен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды


Альянсқа мүше 28 елдің елшілері мен Ресей өкілдерінің 2014 жылдан кейінгі екінші кездесуі болмақ. Ресейдің Қырымды аннексиялауы және Украинаның шығысындағы жанжал Кремль мен Солтүстікатлантикалық альянс арасын нашарлатып жіберді.

«Ресей және оның одақтастары үш тақырыпты — Украинадағы дағдарыс, әскери саладағы байланыс және Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды», – деп хабарлады НАТО баспасөз хатшысы Кармен Ромеро. Оның сөзінше, альянс Ресейге варшавалық саммиттің қауіпсіздік мәселесін күшейту жөніндегі шешімдерін түсіндіреді.

Мәскеу болса АҚШ-тың «зымыран қалқаны» және Балтық елдері кеңістігіне әуе қауіпсіздігін күшейту мәселесін көтереміз деп мәлімдеді.

НАТО саммит қорытындысы бойынша, Польша және Балтық елдеріне жалпы құрамы 4 мың әскер болатын төрт батальон жіберілетін болды. Ресей НАТО-ның бұл шешімін сынға алып, альянсты агрессия танытып отыр деген. Кремль бұған тиісінше жауап береміз деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG