Ссылки доступа

Астана Моңғолиядағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі


Қазақстан Моңғолияның Баянөлгей қаласында болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек береді. Бұл туралы республика премьер-министрі Кәрім Мәсімов твиттердегі блогында мәлімдеді.

Шамамен 150 мың этникалық қазақ тұратын Баянөлгейдегі табиғи апат 10 шілдеде тіркелді. Су тасқыны жүзден астам үйді қиратып кетті, 700-ге жуық адам баспанасыз қалды. Екі адам қайтыс болды.
Мәсімов Астананың гуманитарлық көмек көлемі туралы ештеме жазған жоқ, көмектесу туралы нұсқауды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бергенін ғана атап өтті.

XS
SM
MD
LG