Ссылки доступа

Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Керри Путинмен кездесті


Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Күн тәртібінде – Сирия, Украина және екіжақты қарым-қатынас мәселелері. Кездесудің алдында Керри президент Обама секілді өзі де қәзір АҚШ пен Ресей бейбіт өмірдің пайдасына өте көп іс-әрекеттер жасай алатын кезеңде тұр деп есептейді.

Мемхатшының сөзінше, әңгіме тек ғана Сирия, не Украина жайында емес, өзге де көп нәрсеге қол жеткізу үшін әлеуетті салаларға қатысты болып отыр.

Кездесуге Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков, америкалық тараптан – мемхатшының көмекшісі Виктория Нуланд және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Теффт қатысты.

​Америкалық басылымның мәліметінше, мемлекеттік хатшы Мәскеуге Сирия жөнінде бірнеше бастамаларымен келген, атап айтқанда террористермен күресте үйлестіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу. Бұл Керридің Ресейге 2015 жылдың мамырынан бергі төртінші сапары.

Ресейге барар алдында бейсенбі күні Джон Керри Парижде Францияның ұлттық мерекесі – Бастилияны алған күнді атап өту шарасына қатысты. Елисей алаңында үш мыңнан астам адам қатысқан кеңкөлемді әскери парад өтті.

XS
SM
MD
LG