Ссылки доступа

АҚШ: Ресей Сирияда экстремизммен күресудің орнына, Асадты қолдап жүр


Терроризммен күресудің орнына, Ресей Сириядағы әрекеттері арқылы президент Башар Асад жүйесіне қолдау көрсетіп отыр. Вашингтон Мәскеуге осындай сын тақты.

«Өкінішке орай, біз олардың әскери қуатының басым бөлігін Асад жүйесін қолдауға пайдаланғанын көріп жүрміз», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест, 14 шілдеде күнделікті баспасөз мәслихатында.

«Қазіргі таңда Құрама Штаттар Ресеймен бірлескен әскери операция жүргізбейді, олардың әскери қимылдарын үйлестірмейді. Осындай келесім-шарт жасалуы мүмкін деген болжам барын білем, бірақ ондай келісімнің қашан жасалатыны белгісіз», - деді ол.

Эрнесттің айтуынша, Ресей билігі «Сирияда саяси жүйе ауысқанын қалайтынын, экстремистердің әрекеттеріне алаңдайтынын» үнемі мәлімдеумен келеді, бірақ олар әскери қуатын шын мәнінде «Асад жүйесін қолдауға пайдаланады». «Бұл біздің экстремистерді қудалау әрекеттерімізге кедергі келтіріп отыр», - деп атап өтті Эрнест.

«Біз Ресейдің «Ислам мемлекетімен» күресуге және Сириядан «Әл Қаида» терроршыларын азат етуге үлес қосқанын қалайтынымызды әрқайым айтып келеміз», - деді Ақ үй өкілі.

XS
SM
MD
LG