Ссылки доступа

Джон Керри: АҚШ-тың Түркиядағы төңкеріс әрекетіне қатысы жоқ


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркия СІМ басшысы Мевлет Чавушоглумен әңгімелесіп, Түркияда төңкеріс жасау әрекетіне АҚШ-тың қатысы бар делінетін мәлімдемелер екі ел арасындағы қарым-қатынасқа зиян тигізетінін ескертті. Бұл туралы 17 шілдеде Reuters Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Джон Кирбиге сілтеме жасап хабарлады.

«Керри АҚШ-тың түрік билігіне тергеуге көмектесуге дайын екенін ашып айтты, бірақ Құрама Штаттардың сәтсіз төңкеріс әрекетіне қандайда бір қатысы болуы мүмкін дегендей қара пиғылды мәлімдемелердің немесе тұжырымдардың екі ел қарым-қатынасына кері әсер ететінін ескертті», - деді Кирби.
Мемлекеттік департамент хабарламасында айтылғандай, Керри Түркияның демократиялық жолмен сайланған үкіметін қолдайтынын тағы да қайталап, Анкараны сәтсіз төңкеріс әрекетін тергеу барысында заңды сақтауға шақырды.
16 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоган америкалық әріптесі Барак Обамадан Түркияның ислам дінін уағыздаушысы Фетхуллах Гюленді ұстап беруін сұрады. Анкара Гюленді әскери төңкеріс жасауға талпыныс жасады деп айыптап отыр. «Біздің стратегиялық әріптес екеніміз рас болса, өтінішімізді орындаңыз. Біз сіздер сұратқан терроршыларды ұстап беріп жүрміз», - деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәтсіз төңкеріс әрекетіне Гюленнің қатысы барын дәлелдейтін фактілерді қарауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG