Ссылки доступа

Қырғызстанда көлік терезелерін қараңғылауға тыйым салды


Қырғызстанда 18 шілдеден бастап кез-келген автомобильдің алдыңғы жағындағы терезелерін қараңғылауға тыйым салынады. Үкіметтің тиісті қаулысы 2016 жылдың 30 маусымында шыққан.

ІІМ жанындағы патрульді милиция бас басқармасының баспасөз хатшысы Тілек Оторовтың сөздерінше, Қырғызстан республикасы, Әкімшілік кодексінің 228-бабына сәйкес, көліктердің алдыңғы әйнектерін қараңғылаған жүргізушілерге 2 мың сом көлемінде айыппұл салынады. Егер жүргізушілер бас тартатын болса, көліктерін айыптұрағына алып кетеді.

Үкімет сайтында жарияланғандай, автомобильдің алдыңғы терезелерін қараңғылауға тек президенттің, премьер-министрдің, Жогорку Кенештің және Жоғарғы сот төрағасының қызмет көліктеріне рұқсат берілген. Сонымен бірге Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 9 қызметі мен жоғары лауазымды шенеуніктерге қызмет ететін көліктерге рұқсат берілген.

Сонымен бірге «Кыргыз инкассациясы» ЖАҚ-тың ақша таситын және сотталған адамдарды алып жүретін арнайы көліктеріне де терезелерін қараңғылауға рұқсат берілген.

XS
SM
MD
LG