Ссылки доступа

Өзбекстан Airbus-тан 16 тікұшақ және 4 ұшақ алды


Өзбекстанның Әскери Әуе Күштері (ӘӘК) Airbus Helicopters компаниясынан AS 332 (H225) Super Puma жүк жасығыш тікұшақтары мен AS 350 Ecureil жеңіл тікұшақтарын алды. Бұл туралы kun.uz веб-сайты хабарлады.

Өзбекстан 2013 жылы Airbus Helicopters-пен сегіз жүк тасымалдаушы және сегіз жеңіл тікұшақ сатып алу туралы келісім-шартқа отырған еді. 2014 жылы жазда елге екі тікұшақ әкелінді, қалған 14-і 2016 жылдың басында жеткізілді. Бұған қоса, Airbus сәуірдің аяғында Өзбекстанға төрт C295W әскери-жүк тасымалдаушы ұшақ жөнелтті.
Естеріңізге сала кетейін, биыл сәуірде «Озодлик» радиосы Өзбекстан қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең қуатты әскерге ие деп хабарлаған еді.
Global Firepower сайтының мәліметі бойынша, Өзбекстан қарулы күштерінде 420 танк, 166 ұшақ, 715 жаяу әскер машинасы, 143 самоходка, 880 ірі қару және 109 бір дүркін оқ ату жүйесі бар. Өзбекстанның жыл сайынғы әскери бюджеті – 70 миллион АҚШ доллары.

XS
SM
MD
LG