Ссылки доступа

Стамбулда РЕН ТВ тілшісі ұсталды


Стамбул әуежайында ресейлік РЕН ТВ телеарнасының тілшісі Валентин Трушнин ұсталды. Ол әскери төңкеріс әрекеті туралы репортаж жасау үшін келген.

Журналистпен бірге келген оператор Михаил Фомичевті Түркияға кіргізбеген. Келген ұшақпен қайтадан Ресейге жөнелткен. Ол Стамбулда қалған әріптесінің жағдайын білмеймінін, әрі өзін түрік билігі не себептен нон грат ретінде жариялағанын да түсінбейді.

«Ол тек редакцияға СМС-хабарлама жіберіп үлгерді, онда өзін әуежайда тексеріп жатқанын, құжаттарының бәрін алып қойғанын жазды. Содан бері тілшімен байланысқа түсе алмадық», — деген РЕН ТВ редакциясының мәлімдемесін РИА «Новости» агенттігі таратады. Телеканал Валентин Трушниннің қазір қайда екені белгісіз. Телефоны сөндірулі.

XS
SM
MD
LG