Ссылки доступа

Өзбекстанда электронды «Әліпби» пайда болды


Өзбекстанның халық білімі министрлігі жанындағы жалпы білім беруде мультимедиалық бағдарламалар дамыту орталығының мамандары бірінші сыныпқа арналған электронды «Әліпби» оқулыған дайындады. Бұл туралы СА-News хабарлады.

Электрондық оқулықтың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы техниканың көмегімен білім алу, ал бейне және аудио роликтер білімді тез игеруге көмектеседі. Түрлі-түсті бейнелер, ойындар, музыка балалардың қызығушылығын оятады. Оқулықтың қорытынды бөлімінде сабақты пысықтайтын есептер берілген. Оқушылар әліпбимен компьютер арқылы танысады.
Өзбекстанның зияткерлік меншік жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, оқулық авторларына өнім дайындау куәлігі тапсырылды.

XS
SM
MD
LG