Ссылки доступа

Донбастағы жанжалдасушы екі тарап та адам құқығын сақтамайды


Amnesty International және Human Rights Watch адам құқығын қорғаушы ұйымдар соны дәлелдейтін фактілер жариялады.

Украинаның шығысындағы жанжал аймағында сепаратистермен қоса, украиналық тарап та адам құқығын бұзып отыр.
Amnesty International және Human Rights Watch ұйымдарының бірлескен баяндамасында бейбіт тұрғындарды заңсыз ұстау, оларды ұзақ уақытқа қамап тастау, ешкімге белгісіз орындарда қамауда ұстау, азаптау фактілері баяндалған.
Баяндама 21 шілдеде Киевтегі украиналық дағдарыс медиа-орталығында ресми түрде таныстырылады.

XS
SM
MD
LG