Ссылки доступа

Тәжікстанда азаптау ісіне қатысты үш милиционер ұсталды


Тәжікстанның құқық қорғау органдары тұтқындарды азаптады деген күдікпен Фархор ауданының үш милиционерін ұстады. Хатлон облысы ішкі істер басқармасының төраға орынбасары Сухроб Саломов қазіргі уақытта үш милиционердің тергеу абақтысында отырғанын, олардың істері таяу күндері сотқа жіберілетінін айтты.

Ішкі істер басқармасы өкілінің сөздерінше, оқиға төрт ай бұрын орын алған. Бірақ құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы шара енді қолданылып жатыр. Бұл милиция қызметкерлері 37 жастағы Парвиз Хабибовтың шағымына қатысты ұсталған.

Парвиз Хабибовтың анасы Гулби Хабибова «Менің ұлым әйелімен ұрсып қалды. Сол үшін оны тұтқындады. Изоляторда оны ұрып-соққан, қабырғасын сындырған. Ол қазір Душанбеде емделіп жатыр»,- дейді. Жәбірленушінің анасы ұлын азаптаған милиция қызметкерлері жауапқа тартылуы тиіс деп талап қояды.

Хатлон облысы ішкі істер басқармасында соңғы алты айдың ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері тәртіпті бұзған 188 оқиға тіркелген. Осы уақыт аралығында 6 милиция офицері 7 қылмыстық іске қатысты айыпталып, жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG