Ссылки доступа

АҚШ журналист Павел Шеремет өлімін тергеуде Украинаға көмектеседі


Құрама Штаттар журналист Павел Шереметтің Киевте өлтірілу туралы хабарды «қайғыра қабылдады», деді сәрсенбі күні мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

АҚШ кісі өлтіру қылмысына кінәлілерді жауапқа тарту үшін толық әрі әділ тергеу жүргізуді көздеген Украина үкіметін қолдайды, делінген мәлімдемеде.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті украиналық демократияны қолдауда Павел Шереметтің рөлін айрықша атап өтті. Мұндай қылмыстар «еркін және демократиялық қоғамға жат» делінген мәлімдемеде.

Федералдық тергеу бюросы украиналық билікке осы істі тергеуге көмектесе бастады, деді мемлекеттік департамент өкілі. Джон Кирби Павел Шереметтің туған-туыстары мен «Украинская правда» газетінде істейтін әріптестеріне көңіл айтты.

Бұған дейін Украинаның ішкі істер министрі Зорян Шкиряк Киевтегі жарылысты ресейлік арнайы қызмет ұйымдастыруы мүмкін деп мәлімдеді. Журналист Павел Шеремет мінген автокөлік оның үйінің ауласында жарылып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG