Ссылки доступа

Голландық сот Гүлнәр Каримоваға қатысы бар Takilant компаниясынан 135 млн доллар тәркілеуге шешім шығарды


Амстердам соты 20 шілдеде Өзбекстан президенті Гүлнәр Каримоваға қатысы бар делінетін Takilant компаниясынан 135 миллион доллар тәркілеу жөнінде шешім шығарды.

Амстердам соты тергеу деректерінде Takilant компаниясының Өзбекстанның байланыс нарығында Unitel и Ucell еншілес операторлары арқылы жұмыс істегісі келген Vimpelcom және скандинавалық TeliaSonera компаниясынан ірі көлемде пара алғандығы дәлелденді дейді. Сот шешімін шығарған екі судья Takilant-қа қосымша 1,7 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Мұнан бөлек Ucell-дің 6 процент акциясы тәркіленеді.

Осының алдында бұл іс бойынша жұмыс істеп жатқан прокурорлар негізгі айыптар Гүлнәр Каримованың тікелей өзіне емес, оған тиесілі компанияның іс-әрекетіне қатысты болғанын айтқан. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Блумберг агенттігі Vimpelcom Ltd. АҚШ пен Нидерланд билігінің коррупцияға қатысты айыптауларынан кейін 795 миллион доллар төлеуге келіскенін жазған.

АҚШ билігі голландық прокуратурамен бірлесіп Өзбекстан президенті Гүлнәр Каримоваға тиесілі делінетін Takilant компаниясына ірі көлемде пара берді деп Vimpelcom, МТС және скандинавалық TeliaSonera компанияларына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Бұл істің қозғалуына Стокгольм сотының Vimpelcom Ltd. Виргиния аралындағы Water Trail Industries компаниясы арқылы 2007 және 2011 жылдары Takilant-қа 55 миллион доллар ақша құйғаны себеп болған.

Өзбек соты Гүлнәр Каримованың сыбайласы Takilant компаниясының қожайыны Гаян Авакянды экономикалық қылмыспен айыптап, ұзақ мерзімге түрме жазасына кескен. Ресми емес мәліметтер бойынша, Ислам Каримовтың үлкен қызы Өзбекстанда үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG