Ссылки доступа

Қырғызстанда пікір-талас туғызған баннерлер көптеп тарала бастады


Қырғызстанда қызу пікір-талас туғызған «Кайран элим, кайда баратабыз?» (қырғыз тілінен аударғанда: «Қайран елім, қайда барамыз?») деген жазуы бар баннерлер елдің ірі қалаларында пайда бола бастады.

Азаттықтың хабарлауынша, қазір мұндай баннерлер Шолпан Ата, Талас, Нарын қалаларында ілініп тұр. Бішкектің бірнеше жерінде ол 12 шілдеде пайда болған еді. Онда ұлттық киім және паранжа киген әйелдер бейнеленген. Баннердің төмен жағында: Кайран элим, кайда баратабыз?» деп жазылған.

Қоғамның баннерлерге қатысты пікірі екіге жарылды.

Президент Алмазбек Атамбаев өткен аптада, Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесу нәтижелеріне арналған брифингте, баннерлер барлық аймақтарға таратылатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысы осы жұмысты қаржыландыруды президент аппаратына тапсырған.

«Бізге жат мәдениетті дінмен таңудың қажеті жоқ. Осындай баннерлер бізге керек, - деді Алмазбек Атамбаев. – Онда тұрған ешетеме жоқ. Бар болғаны көпшілікке сауал тастайды: «Біз қайда барамыз, қайда баруымыз керек?».

XS
SM
MD
LG