Ссылки доступа

Росавиация Түркияға ұшатын рейстерді қайта ашты


Росавиация 22 шілдеден бастап Ресейден Түркияға ұшатын тұрақты рейстерге рұқсат берді. Бұл туралы «Интерфакс» осы мекеменің ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Анкара ресейлік азаматтардың әуежайда және ел аумағында жүрген уақыттағы қауіпсіздігін сақтауға кепілдік бергеннен кейін ғана осындай шешім қабылданды, деп түсіндірді ол.

«Аэрофлот» Стамбул мен Антальяға билет сата бастады, делінген ресейлік әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Ресейлік әуе компанияларының Түркияға тұрақты рейстеріне уақытша тыйым 16 шілдедегі сәтсіз әскери төңкерістен кейін қабылданған еді. Бұл тыйым ресейліктерді Түркияға апаруға ғана салынды, ал ресейлік және шетелдік әуе компаниялары Ресей азаматтарын бұл елден алып шығуына кедергі болған жоқ.

XS
SM
MD
LG