Ссылки доступа

Қазақстан мен Бразилия визасыз сапар туралы келісті


Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Бразилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Дуэно Карвальо бүгін Астанада екі ел үкіметтері арасында нота алмасу формасын бекітті. Келісім-шарт ел тұрғындарына 30 күнге дейін визасыз сапар шегу мүмкіндігін ашады.

Құжаттарға қол қою рәсімінен соң, Мұхтар Тілеуберді заңның Олимпиада ойындарына дейін күшіне енуі мүмкін екенін Рио-де-Жанейродағы Ойындар 10 күннен кейін басталады.

«Ішкі жұмыстарды тезірек реттеуге тырысамыз. Бәрі дұрыс болса, біздің азаматтар Олимпиадаға визасыз-ақ бара алады», - деді Тілеуберді. Бұл туралы «Жаңалықтар - Қазақстан» агенттігі хабарлады.

Риодағы Олимпиада Ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өткен жылы 19 елмен 15 күндік визасыз жүйені созғанын хабарлаған еді. 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан азаматтары Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония елдеріне визасыз жүйемен бара алады.

XS
SM
MD
LG