Ссылки доступа

Қырғызстанда "Жунда" зауытына айыппұл салынды


Қырғызстанда Қара-Балта қаласының маңындағы «Жунда» мұнай өңдеу зауытын көмірқышқыл газын шығарғаны үшін әкімшілік жазаға тартты. Бұл жөнінде Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция хабарлады.

Олардың мәліметінше, зауытта жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде, техникалық талаптар сақталмаған. Нәтижесінде газ шығарылған. Аталған дерек бойынша, тексеру жұмыстары жүргізіліп, ақшалай айыппұл салынған.

Сонымен бірге шағым Ново-Николаевка ауылынан түскен. Олардың айтуынша, «Жунда» зауытынан қатты химиялық иіс шыққан.

«Жунда» мұнай өндіру зауыты қытай инвестициясына салынған. Қуаты жылына 800 тонна жанар жағар май шығаруға арналған. Алайда зауыт әлі күнге дейін толық іске асқан жоқ.

XS
SM
MD
LG