Ссылки доступа

«Әл Кайда» лидері Батыс елдері азаматтарын кепілге алуға шақырды


«Әл-Кайда» экстремистік ұйымының лидері Айман әз-Завахири содырларды батыс елдерінің азаматтарын кепілге алып, оларды мұсылман-тұтқындармен айырбастауға үндеді.

Бұл жөнінде Reuters агенттігі ислам сайттарына мониторинг жүргізетін SITE тобына сілтеме жасап, хабарлайды. Радикалды топ Завахиридің видеоүндеуін әлеуметтік желілерге таратқан.

Бірақ оның дәлдігін Reuters агенттігі растай алмайды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, «Әл-Кайда» лидері тәліптердің базасы орналасқан ауған-пәкістан шекарасындағы аймақтарда тығылып жүр.

XS
SM
MD
LG