Ссылки доступа

Хакаста 240 тұтқын түрмеде бүлік шығарды


Хакастың Абакан қаласы № 35 түзеу колониясында жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде республиканың Тергеу комитеті хабарлайды.

242 тұтқынның қатысуымен болған бүлік жексенбі күні кешкісін орын алған, оны тек дүйсенбі таңертең ғана басқан. Түрме қызметкерлерінің айтуынша, жазасын өтеушілерді тыныштандыру үшін, арнайы жасақ шақырған. Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер жоқ. Бірақ тұтқындар есік, терезелерді, жиһаздарды сындырып, бәрін терезеден сыртқа лақтырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бүлікті көлікті ұрлағаны үшін сотталған адам ұйымдастырған. Ол жұма күні карантиннен оралған. Тәртіпсіздікке қатысушылар жүйені жұмсартуды талап еткен. Атап айтқанда, арнайы түрме киімін кимеуді, кез-келген жерде темекі шегуді және кез-келген уақытта құдайға құлшылық етуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG