Ссылки доступа

Түркия ондаған журналисті қамауға ордер берді


Түркия билігі сәтсіз аяқталған әскери төңкерістен кейін 42 журналисті қамауға алуға ордер берді, деп хабарлады түрік телеарналары.

NTV және CNN-Turk телеарналары таратқан хабарларға қарағанда, қамау туралы ордер тележүргізуші және бұрынғы депутат Назли Иличакқа да берілген. 2013 жылы ол түрік үкіметінің сөзін сөйлейтін Sabah апталығынан сыбайласқан жемқорлық дауына қалған министрді сынағаны үшін жұмыстан кеткен.

Түркия үкіметі 2013 жылғы жанжалдың артында қазір АҚШ-та тұратын түркиялық діни қайраткер Фетхуллах Гюлен тұр деп мәлімдеген. Ресми Анкара Гюленді 15 шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптады.

Түркияда президент Реджеп Тайып Эрдоғанды биліктен тайдыруға қатысты деген күдікпен 60 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылды (олардың арасында полиция қызметкерлері, судьялар, мұғалімдер және шенеуніктер бар), ұсталды немесе тергеуге алынды. Бүліктен соң Эрдоған «халықтың қалауы сол болса», елде өлім жазасын қайтаруы мүмкін екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG