Ссылки доступа

Қазақстанда автобан төсеушілер үш ай жалақы алмады


Павлодар обылысында Орталық – Шығыс автобаны құрылысының жұмысшылары айлықтың төленуін талап етті. Жұмысшылардың айтуларынша, 450 адам үш айдан бері жалақы алмаған.

Қызылорда – Павлодар – Успенка - Ресей шекарасы күре жолының 25 шақырымдық бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылды. Жұмысшылардың көбі қайтып кетсе, қалғандары ақша күтіп вагондарда тұрып жатыр.

«Барлығының бала-шағасы, несиесі, мектепте оқитын балалары бар. Павлодарда құрылыс мерзімі онсыз да көпке созылмайды, ал жұмыс бір айдан бері тоқтап тұр. Не жұмысты жалғастыра алмаймыз, не ақшамызды ала алмаймыз», - деді Азаттыққа механик Николай Лаптев.

Жолдың осы бөлігіндегі құрылысты «Қазавтожол ҰК» тапсырысымен «Автодорсервис» фирмасы салып жатыр. Жұмысшылардың айтуларына қарағанда, аталған мекемелердің басшылары қазір бір бірімен соттасып жүр.

«Автодорсервис» компаниясының өкілі Талғат Төлебаев жұмысшылармен жолығып, «ҚазАвтожол ҰК» мердігерлерге берешегін толық өтегенін, жұмысшылардың айлығы осы аптада төленетінін айтты.

XS
SM
MD
LG