Ссылки доступа

Қырғызстанда төлқұжат алу шарттары жеңілдетілді


15 тамыздан бастап Қырғызстанда төлқұжат-виза беру және тіркелу қызметінде құжаттарды тіркелген жері емес, тұратын жері бойынша құжаттар қабылдай бастайды. Бұл жөнінде Мемлекеттік тіркеу қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, жаңа жүйе автоматтандырылған «Төлқұжат», «АХАЖ» және «АСБ» ақпараттық жүйе бойынша жұмыс істей бастайды.

Ал Ош, Талас, Нарын және Ыстық көл облыстарында жаңа ереже бойынша құжаттарды 2016 жылдың қыркүйегінде қабылдайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін құжаттарды қабылдау тек тіркелген жері бойынша жүзеге асып келген.

XS
SM
MD
LG