Ссылки доступа

РФ кеден қызметі басшысының үйін тінту кезінде 66 миллион рубль табылды


​Ресейдің Федеральды кеден қызметінің басшысы Андрей Бельяниновтың қала шетіндегі үйіне тінту жүргізген кезде, 66 миллион рубль табылған деп хабарлайды РЕН ТВ ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Газета.ру" басылымы Бельяниновтың су қоймасы жанындағы зәулім үйінің суреттерін жариялаған. Оның ішінде бума-бума жиналып жатқан ақшаның да суреттері бар.

Осының алдында сейсенбі күні "Дождь" телеканалы өздерінің дереккөзіне сілтеме жасап, Бельяниновтың жарты жыл бұрын отставкаға кету жөнінде арыз жазғанын хабарлайды. Алайда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жөнінде ешнәрсе білмейтінін мәлімдеді.

Кеден қызметі басшысының үйін тінту спирттік ішімдік контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша жүргізілген. Бұл іс бойынша петербургтік кәсіпкер, "Форум" холдингінің басшысы Дмитрий Михальченко мен оның орынбасары Борис Коревский ұсталған.

XS
SM
MD
LG