Ссылки доступа

Күш құрылымдары Намангандағы екі құжыраны бірге басып алды


«Озодликтің» дереккөздерінің хабарлауынша, жақында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) милиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізген операциясы барысында , ондаған балаға Құранды үйлерінде заңсыз оқытып келген екі  намангандық ұстазды ұстады.

Ұстаздардың біріне айыппұл салынса, екіншісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. 17 шілдеде милиция қызметкерлері және арнайы жасақ әуелі 23 жастағы намангандық Акмаль Ахмаджоновтың үйін басып алып, оны Құран үйренуге келген тағы үш баламен бірге ұстады.

Күш құрылымдарының тексеруі барысында, жас мұғалімнің үйінде дәріс алып келген тағы 20 тәлімгердің тізімі табылған.

Сол күні милиция мен арнайы жасақ «Эшон дада» діни қайраткерінің үйіне басып кіріп, оның 30-дан астам шәкіртін ұстаған. Тәлімгерлердің ең кішісі - 6 жаста.

«Ұстаз түнгі сағат 22-де ұсталды, бірақ оның кәрі кісі екені ескеріліп, күш құрылымдары ақсақалдың немересін алып кетті. Ол ертесіне айыппұл төлеп бостандыққа шықты. 87 жастағы Муксин Хасановтың үйінде 30 оқушы болған, бірақ тізімде 24 адамның есімі аталады. Өйткені оқушылардың бірқатары жоғары лауазымды шененуніктердің ұлдары екен, оларды тізімнен алып тастаған», - деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG