Ссылки доступа

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтына хакерлік шабуыл жасалды


Хакерлер Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) ресми сайтын бұзды. Қазір www.gknb.gov.kg сайты ашылмайды.

ҰҚМК өкілі Рахат Сүлейменов сайтқа кімдердің шабуылдағаны анықталып жатыр дейді.

Егер Google арқылы сайтты іздесеңіз, онда түрік тілінде «КЖП (Күрдістанның жұмысшы партиясы) аяқталмаған роман» деген жазу шығады.

Алдында сайтта Күрдістанның жұмысшы партиясының туы мен қарулы ер азаматтардың суреттері ілінулі тұрған. Бірақ қазір портал ашылмайды.

XS
SM
MD
LG