Ссылки доступа

Тәжікстанда оқушылардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанда Шамсиддин Шохин ауданының прокуратурасы №3 мектеп оқушыларының жаппай улануына байланысты мектеп директоры Амриддин Назаров пен санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін Саъди Хукмиддиновке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Аудан прокуроры Абдуджаббор Мирзоев баспасөз мәслихаты кезінде мектепте санитарлық-эпидемиологиялық ереженің бұзылуынан, салғыртық салдарынан балалардың улануына әкелгендіктен қылмыстық іс қозғалып отыр деді.

«Мектеп басшылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жергілікті биліктің рұқсатынсыз мектепте химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Бұл іске қатысты тергеу ісі жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді Абдуджаббор Мирзоев.

Еске сала кетейік, 26 мамырда мектепте шыбын-шіркейлерді жою үшін дәріс залдарына химиялық ерітінді сепкен. Осыдан кейін дәріс кезінде 75 оқушы естерінен танып құлаған. Осындай жағдай мектепте бір аптаға созылған. Оқушылар тек медициналық көмектің арқасында өздеріне келген.

XS
SM
MD
LG