Ссылки доступа

Ереванда кепілге алынған дәрігер босатылды


Ереванда сәрсенбі күні таңертең полиция ғимаратын басып алған қарулы топ кепілдікке алған дәрігер босатылды. Полиция ғимаратында тағы да екі дәрігер мен медбике қарулы топтың тұтқынында отыр деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі.

Сәрсенбі күні қарулы топ медициналық көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлерін кепілге алған. Мұның алдында полиция ғимаратының алдында атыс кезінде шабуылдаушылардың жетекшілері Павел Манукян мен оның ұлы Арам жараланды деп хабарланған болатын. Тағы екеуі – Гагик Егиазарян мен Арам Акопян – өз еріктерімен билікке берілген.

Жараланған Манукян мен оның ұлы Арамды және бір полицейді ауруханаға жеткізді. Осыдан кейін Павел Манукян аштық жариялады.

17 шілдеде қарулы топ Еревандағы бас полиция ғимаратын басып алып, «Құрылтай парламенті» оппозициялық партияның лидері Жирайр Сефилянды босатуды талап етті. Нәтижесінде полиция полковнигі қаза тауып, төрт құқық қорғау қызметкері жараланды. Шабуылдаушылар жеті адамды кепілдікке алып, бір апта бойында тұтқында ұстаған. Билікпен келіссөздерден кейін оларды босатқан. Қарулы топ әлі де полиция ғимаратының ішінде қалып отыр. Оның сыртын полиция қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG