Ссылки доступа

Мәскеуде шетел агенті деп танылған "Голос" ұйымы жойылды


Мәскеу қаласындағы Пресненский соты сәрсенбі күні Ресейдегі сайлауларға мониторинг жүргізумен айналысатын «Голос» коммерциялық емес қауымдастығын жою туралы үкім шығарды. Ұйымды жою туралы шағымды Ресейдің Әділет министрлігі түсірген, деп хабарлады Интерфакс.

Министрлік шағымында «Голос» жарғысы коммерциялық емес ұйымдар туралы заңды бұзады делінген. Шағымданушылар қауымдастықты саяси қызметпен айналысады деп көрсеткен.

Бұған дейін «Голос» қауымдастығына ұйым сайтында жарияланған материалдарда шетел агентінің маркасы жоқ болғаны үшін үш мәрте айппұл салған. Айыппұлдардың жалпы көлемі – 1 миллион рубльден асады. Қауымдастық үш мәрте шетел агенті реестрінен шығару туралы өтініш түсірген, бірақ Әділет министрлігі олардың барлығын қабылдамай тастаған.

Ұйымды жою процесі жарты жылға созылады. «Голос» заңгері Максим Крупский сот шешіміне шағым түсірілетінін мәлімдеді. Ұйым жойылған жағдайда, оның мүшелері 2013 жылы құрылған сайлаушылар құқығын қорғау қозғалысы аясында жұмыс істей береді.

«Голос» қауымдастығы шетел агенті реестіріне мәжбүрлі түрде енгізілген бірінші ұйым атанды. Әділет министрлігіндегілер Хельсинки комитеті тағайындаған Сахаров премиясының ақшалай сыйақысын шетел қаржысына жатқызған. Қауымдастық бұл сыйақыдан бас тартты.

XS
SM
MD
LG